Үш күн тамақ-сусыз: турист Сайрам шыңында жартасты құшақтап аман қалған
Ресейлік турист Қазақстандағы Сайрам шыңын арнайы құрал-жабдықсыз бағындырмақ болып жүріп, ажал аузынан қалғанын newsroom.kz “Shot” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
28 жастағы ресейлік Андрей Орлов пен 29 жастағы өзбекстандық Акмаль Махкамов 4238 метрлік Сайрам шыңына гидсіз, арнайы киім-кешексіз шыққан. Олар күрделі бағытпен кеткен соң белгіленген уақытта қайта оралмаған. Жақындары дабыл қағып, құтқару қызметіне жүгінген.
Іздеуге Альпинизм федерациясының мамандары, 18 құтқарушы, егерлер жұмылдырылды. Сондай-ақ МЧС-тің «Қазавиаспас» тікұшағы мен дрондар пайдаланылды.
Іздеу барысында құтқарушылар Андреймен дауыс арқылы байланыс орнатқан: ол әлсіреп, жартасты құшақтап айғайлап тұрған. Ал оның досы Акмаль сол сәтте құздан құлап қаза тапқан. Жер бедерінің қолайсыздығынан тікұшақ Ресей азаматына жақындай алмаған.
Құтқарушылар оған жаяу жетіп, жартастан түсіріп алды. Досының денесін де сол жерден шығарды.