Жаңалықтар

Астанада 16 жастағы жасөспірім жүк көлігін айдап жүрген жерінен ұсталды

Астанада полицейлер қала көшелерінде жүк көлігін айдап жүрген 16 жастағы жасөспірімді тоқтатты. Жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірімнің қауіпті қимылдары тұрғындардың назарын аударған.

Белгілі болғандай, жүк көлігі жасөспірімнің анасының атына тіркелген. Көлікті жүргізуші куәлігі жоқ адамға басқаруға бергені үшін әйелге әкімшілік айыппұл салынды.

Полицейлер мұндай жағдайлар жолдағы қауіпсіздікке үлкен қатер төндіретінін атап өтіп, ата-аналарға балаларына қатаң бақылау жасаудың маңызын еске салды.