Жаңалықтар

Alma Fest-2025 Алматы күніне орай 100 мыңға дейін қонақ қабылдайды

Alma Fest-2025 Алматы күніне орай 100 мыңға дейін қонақ қабылдайды, - деп хабарлайды newsroom.kz

Alma Fest-2025 Алматы күніне орай 100 мыңға дейін қонақ қабылдайды. Алматыда жыл сайынғы дәстүрлі Alma Fest-2025 фестивалі жалғасуда. Ол қаланың мол өнімін және мәдени алуандығын бейнелейтін мереке ретінде Тұңғыш Президент саябағында өтіп жатыр. Фестивальге Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Әдеттегідей саябақ аумағы ауқымды егін мерекесі мен ұлттық дәстүрлер алаңына айналды. Қонақтар үшін алма жәрмеңкесі, этноаймақ, қолөнер бұйымдарының базары, гастрономиялық алаңдар, спорттық жарыстар және түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 50 фермер шамамен 100 тонна алма әкелді. Күні бойы фестивальді 100 мыңға жуық адам тамашалайды деп күтілуде.

Музыкалық бағдарламаны белгілі диджейлердің сэттері сүйемелдесе, мереке кешкі уақытта үлкен концерттік бағдарламаға ұласады. Сахнаға TURAR, Astra, Дос-Мукасан, Карина Абдуллина и Royals Band сынды танымал артистер шығады.

Alma Fest-2025 – Алматының музыка, дәстүр, гастрономия және отбасылық демалысты бір арнаға тоғыстырған күздің ең жарқын оқиғаларының біріне айналмақ.