“Реалды” тізе бүктірсе, “Қайраттың” әр ойыншысы темір тұлпар мінбек: белгілі кәсіпкер уәде берді
Кәсіпкер Тұрсынғали Алагузов күтпеген мәлімдеме жасады.
Алматы күніне орай, кәсіпкердің“Егер “Қайрат” жеңіске жетсе, әр футболшыға бір-бір көліктен беремін!” – деген бейнеүндеуін жұбайы Баян Алагузова әлеуметтік желіге жариялады.
“Алматы – әлемнің астанасы, ал “Қайрат” – чемпион”, – деді ол.
Аталған матч Чемпиондар лигасы аясында өтпек.