Жаңалықтар

Ақтөбеде жасөспірімдер мінген көлік жар шетінде тоқтап қалды

Ақтөбеде «Солтүстік айналма» жолының 13-шақырымында, Ілек өзенінің маңында қауіпті жағдай болды. 2005 және 2008 жылы туған екі жасөспірім отырған көлік жолдан шығып кетіп, жардың жиегіне тірелген.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, олар балық аулауға бара жатқан. Сол сәтте жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Құтқарушылар арнаулы техника мен сүйреткіштің көмегімен көлікті қауіпсіз жерге шығарды.