«Мен дайынмын, Майкл Чендлермен жекпе-жекке шығамын. Біз бірге The Ultimate Fighter шоуына түстік. Ол – жақсы жігіт», – деді Макгрегор Fox News арнасына берген сұхбатында.
Ирландиялық спортшы октагонға шықпағанына бес жылдан асты. Оның соңғы жекпе-жегі 2021 жылдың шілдесінде UFC 264 турнирінде өтті. Ол кезде ол аяқ жарақатына байланысты бірінші раундта америкалық Дастин Порьеге техникалық нокаутпен жеңілген болатын.
Айта кетелік, қазіргі таңда Макгрегордың кәсіби жекпе-жектегі рекорды – 22 жеңіс және 6 жеңіліс.