Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар жайлы не білеміз?
Aqshamnews.kz редакциясы Алматының қала күні қарсаңында көбіне еңбектері тасада қалып қоятын жандардың жұмысын фото және ақпараттық материалдар арқылы насихаттауды жөн көрді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Тәулік бойы тоқтамайтын жұмыс
Қалада тазалық жұмыстары тәулік бойыатқарылады. "Алматы Тазалық" мекемесініңжұмысшылары екі ауысымда еңбек етеді:
• Бірінші ауысым — таңғы 08:00-ден кешкі 17:00-ге дейін,
• Екінші ауысым — кешкі 19:00-ден таңғы 06:00-ге дейін.
Әр аумаққа жауапты 20–25 адамнан құралған бригада жұмыс істейді. Бірі сыпырса, екіншісі арнайы техникамен тротуарларды жуады, үшіншісі ағаш бұтақтарын кесіп, жасыл желекті ретке келтіреді.
Айта кетелік, бір аумақта шамамен 20-25 адам жұмыс істейді. Олардың бірі көше сыпырса, бірі арнайы техникамен жаяу жүргіншілер жолын жуады.