Аймақтар

100 тонна алма: Alma Fest 2025 фестивалі қалай өтеді?

21 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін Тұңғыш Президент саябағы дәстүр бойынша молшылық пен ұлттық дәстүрлер мерекесіне айналады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қала күніне орай мұнда ауқымды Alma Fest 2025 фестивалі өтеді. Қонақтар үшін алма жәрмеңкесі, этноаймақ, қолөнер жәрмеңкесі, гастрономиялық алаң, балмұздақ фестивалі, ашық аспан астындағы кинотеатр және басқа да қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады.

Фестивальдің басты нышаны – 100 тонна алма. Жәрмеңкеде көлемі мен ерекше хош иісімен әйгілі аңызға айналған алматылық апорттан бастап, сирек кездесетін коллекциялық сорттарға дейін ұсынылады. Мұндай дәм Алматының нағыз «алманың астанасы» деген мәртебесін айшықтай түседі.

Іс-шара аясында аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі, әнші Карина Абдуллина, Astra және Royals Band өнер көрсетеді. Фестивальдің басты хедлайнері – TURAR. Концерт Алматыға деген шынайы сүйіспеншілікті білдіріп, мерекені эмоцияға толы симфонияға айналдырады.

Айта кетелік, Alma Fest – мәдени мұра мен заманауи мегаполис ырғағын тоғыстырып, отбасылық демалыс пен шабыт алаңына айналатын ерекше мереке.