Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды
Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды
Шымкент қаласында 30 мамыр күні коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды.
1959 жылғы азамат Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының тұрғыны. 61 жастағы азамат 19 мамыр күні жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 оң нәтиже берген.
Азаматтың денсаулық жағдайының ауырлығына байланысты 20 мамыр күні жансақтау бөліміне ауыстырылған. Науқас ИВЛ аппаратына қосылған. Науқастың қосалқы ауруы: Артериялық гипертензия 3-дәрежесі. Өте жоғары қауіпті топ. Қант диабеті 2-типі, декомпенсация сатысында . Семіздік ауруының 2-дәрежесі. Сондай-ақ науқастың қайтыс болу себебі өкпе артериясының тромбоэмболиясы ауруының асқынуы. Науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, күнделікті республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген.
Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 30 мамыр күні, сағат 22:10-да науқас қайтыс болды.
Науқаспен қарым-қатынаста болған отбасы мүшелерінен коронавирус инфекциясы анықталып, емдеу шаралары жүргізілуде, жағдайлары жақсы.
Шымкент қаласы әкімдігінің апараты