«Реалдың» жұлдызы «Қайратқа» қарсы ойнамайды
«Реал» қорғаушысы Трент Александер-Арнольд алған жарақатына байланысты «Қайратпен» өтетін ойында алаңға шықпайды, деп хабарлайды newsroom.kz Sport24.ru-ға сілтеме жасап.
Мадридтік клубтың баспасөз қызметі мәлімдегендей, 17 қыркүйекте футболшы медициналық тексеруден өткен. Нәтижесінде оның сол аяғының тізеасты сіңірінде бұлшықет жарақаты анықталды.
«Реал» қорғаушысының алаңға қашан оралатынын нақты айтпады. Дегенмен, БАҚ дерегінше, Александер-Арнольд шамамен бір жарым ай бойы ойынға қатыса алмайды.
Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте алматылық «Қайрат» өз алаңында мадридтік «Реалмен» Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңі аясында кездеседі.