Жаңалықтар

Ақтөбеде 15 жастағы жасөспірім күрес турнирінде алған жарақатынан қайтыс болды

Ақтөбелік 15 жастағы спортшы Ерейментау қаласында өткен халықаралық «Қазақ күресі» жарысында алған ауыр жарақатынан көз жұмды.

Қайғылы жағдай 7 қыркүйекте болған. Белдесу кезінде бозкілемге шыққан жасөспірім мойнынан ауыр жарақат алып, шұғыл түрде Астанаға жеткізілді. Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, құтқарып қалу мүмкін болмады.

Жас спортшының денесі Ақтөбеге жеткізіліп, отбасы қаралы рәсімге дайындалып жатыр. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.