Өзбекстанда ірі газ кен орны табылды
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің айтуынша, «көгілдір отын» қоры жер астынан шамамен 6500 метр тереңдіктен анықталған. Бұған дейін жергілікті геологтар ол аумақта барлау жұмыстарын жүргізбеген. Жаңа кен орны елдің солтүстік-батысындағы Қарақалпақстанның Үстірт өңірінде орналасқан.
Көрші ел басшысы кен орнындағы газдың нақты көлемін де, оны барлаған компанияларды да атаған жоқ. Дегенмен ол табылған қор Өзбекстанның ғана емес, күллі Орталық Азияның да энергетикалық тепе-теңдігін қамтамасыз етуге сеп болатынын айтты.