Қаржы

Банк картасын біреуге беру енді қылмыс саналады

Қазақстанда интернет-алаяқтықпен күресті күшейту мақсатында жаңа заң қолданысқа енгізілді. 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске қосылған 232-1-бапқа сәйкес, банк картасы мен шотты үшінші адамға беру – қылмыс деп танылады.

Дропперлік дегеніміз не?
Дропперлік – банк шотын, төлем құралын немесе жеке деректерді заңсыз түрде беру, сатып алу не пайдалану әрекеті. Мұндай тәсілді алаяқтар көбіне ұрланған ақшаны қолма-қол жасау үшін қолданады.

ІІМ мәліметінше, дропперлер – алаяқ пен ұрланған қаржының арасындағы делдал. Олар қаражатты түрлі шоттарға аударып, заңсыз әрекеттердің жасалуына жол ашады.

Қандай жаза қолданылады?
Жаңа бап бойынша жаза құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай өзгереді: айыппұл төлеуден бастап, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін баруы мүмкін. Бұған қоса, мүлікті тәркілеу шарасы да қарастырылған.