Жаңалықтар

Алматыда 10 балдық кептеліс болды: жаңбыр жауып, жолдар опырылуда

Алматы көшелерінде 16 қыркүйек кешкісін көлік қозғалысы барынша қиындап, кептеліс деңгейі 10 балға жетті. Бұған жауған жаңбыр мен ауа райының қолайсыздығы қосымша әсер еткен.

2ГИС қызметінің мәліметінше, сағат 19:20-дағы жағдай бойынша оңтүстік астананың орталық көшелерінде қозғалыс мүлдем тоқтап қалған.

Сондай-ақ, толассыз жауған жаңбырдан жолдар опырылып, көліктер шұңқырға түсіп кеткен видеолар тарауда. Тіпті, ТЖМ көлігі де ойыққа түсіп кеткен.

Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде жүргізушілер наразылығын білдіруде:
– «Эх, Алматы»,
– «Қай бағытта кептеліс жоқ, білетін бар ма?»,
– «Бұл тек жаңбыр ғана, қар жауса не болмақ?» – деген пікірлер жиі жазылуда.

Сонымен қатар, қалада бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелгені белгілі болды.