Әлем

БҰҰ Израильдің Газаға жасаған әрекеттерін геноцид деп таныды

Бұл туралы ұйымның жариялаған 72 беттен тұратын зерттеуінде айтылған. Онда 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израиль Газада «геноцидтің төрт түрін» жасағаны көрсетілген.

Атап айтқанда, палестиналықтарды қыру, «ауыр жарақат салу», «толық не ішінара жойып жіберуді көздейтін жағдай туғызу» әрекеттері бар. Бұған қоса, баяндамада Израильдің Газада бала тууға жол бермеуге бағытталған шараларды қолданғаны жазылған.

Ал Израиль Сыртқы істер министрлігі бұл құжатты «ХАМАС-тың жалған деректеріне сүйенген» деп бағалап, баяндаманы әзірлеген комиссияны таратуды талап етті.