Жаңалықтар

Қазақстанда әр үш адамның біреуінде көлік бар

Елімізде автокөлік саны 6,79 миллионға жетті. Бұл деректі Ұлттық статистика бюросы ІІМ-нің мәліметіне сүйене отырып жариялады. Яғни Қазақстанда шамамен үш адамға бір көліктен тиесілі.

Тамыздағы тіркеулер

2025 жылдың тамыз айында 159,5 мың көлік тіркелген. Оның ішінде:

  • 144,7 мыңы – жеңіл көлік,
  • шамамен 10 мыңы – жүк көлігі,
  • 1,5 мыңы – автобус,
  • 3,6 мыңы – мотоцикл мен мопед.

Бұл көрсеткіш қазақстандықтардың жеке көлікке деген сұранысы әлі де жоғары екенін аңғартады.

Автопарктің жасы

Қазақстандағы көліктердің көпшілігі ескірген:

  • 41,5% – 20 жылдан асқан,
  • 24,2% – 10–20 жыл аралығында,
  • 10,3% – 7–10 жылдық,
  • тек 6,8%-ы – үш жылдан жаңа көліктер.

Мамандардың айтуынша, көліктердің қартаюы экологияға зиян тигізіп қана қоймай, жол қауіпсіздігі мен жанармай үнемділігіне де әсер етеді.

Өңірлердегі ескі көліктер

Ескі көліктердің басым бөлігі мына аймақтарда тіркелген:

Алматы облысы – 356,5 мың,

Алматы қаласы – 211 мың,

Жамбыл облысы – 200 мыңға жуық.