Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Enbek.kz: тамызда жалақы мен вакансия саны күрт артты

2025 жылдың тамызында Электронды еңбек биржасы Enbek.kz алаңында жоғары білікті мамандарға сұраныс айтарлықтай артты. Онымен бірге ұсынылатын жалақы көлемі де көтерілген. Еңбек министрлігінің дерегінше, кейбір бос жұмыс орындары мен үміткерлердің күткен айлығы айына 1,2 миллион теңгеге дейін жеткен.

Enbek.kz: тамызда жалақы мен вакансия саны күрт артты
Фото: ашық дереккөз

Ең жоғары жалақы ұсынылған мамандықтар:

кен өндіру саласындағы цех бастығы — 843,8 мың теңге,

энергиямен қамту қызметі басшысының орынбасары — 733 мың теңге,

IT саласындағы бағдарламалар бойынша бас редактор — 718 мың теңге.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар:
Тамыз айында жұмыс берушілер 240 мыңға жуық бос жұмыс орнын жариялаған. Бұл көрсеткіш шілдемен салыстырғанда екі есе көп.
Ең көп сұранысқа ие мамандықтар:

PR-менеджерлер — 16,3 мың вакансия,

математика мұғалімдері — 7,6 мың,

тәрбиешілер — 6,1 мың.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату