Қазақстанда соңғы күндері жол апаты жиіледі
ІІМ соңғы күндері жол апаты жиілеуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
«Барша жол қозғалысына қатысушыға үндеу жолдаймыз. Жол қателікті кешірмейді. Жылдамдықты арттыру, қарсы бағытқа шығу, қауіпті маневр жасау, қауіпсіздік белдігін тақпау - мұның бәрі адам өміріне қауіп төндіретін қателік», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қыркүйекте Маңғыстау облысында шағын автобус аударылып, 10 адам көз жұмды. 14 қыркүйекте Жетісу облысында үш көлік соқтығысып, тағы 10 адамның өмірін қиды.
Министрлік мәліметінше, апаттың себебі - қарсы бағытқа шығу. Қарағанды облысында да дәл осындай себеппен жол-көлік оқиғасы болып, 5 адам қаза тапты.