Жаңалықтар

2026 жылдан бастап салық төлеуде қандай өзгерістер болады?

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Жаңа жылдан бастап салық төлеушілер бірқатар қосымша мүмкіндіктерге ие болады, ал кейбір бұрынғы құқықтар алынып тасталады.

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттеріндегі негізгі өзгерістерді түсіндірді.

Қосылған құқықтар:

  • ұсынылған құжаттар негізінде салықтық міндеттемелер бойынша түсініктеме алу құқығы;
  • горизонталды мониторингке қатысушылар үшін жоспарланған мәмілелер бойынша алдын ала түсініктеме алу құқығы;
  • салық төлеу мерзімін белгіленген тәртіппен ұзарту мүмкіндігі.

Жаңа міндеттер:

  • кейбір жағдайларда биометриялық сәйкестендіру енгізіледі;
  • салық органдары шектеу қойған мүлікті бастапқы күйінде сақтау міндеті;
  • мейрамханалар мен сауда орындары үшін – «салық төлеуші паспортының» кассаның жанында және Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылуы.

Алынған құқықтар:

  • 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Жаңа жылдан бастап салық төлеушілер бірқатар қосымша мүмкіндіктерге ие болады, ал кейбір бұрынғы құқықтар алынып тасталады. қосымша қолданатын арнайы салық режиміндегі ЖК үшін салықты ұстап қалу құқығы.

Департамент бұл шаралар ашықтықты арттыруға, көлеңкелі экономиканы қысқартуға, дербес деректерді қорғауға және бизнестің салық органдарымен өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталғанын атап өтті.