Түнде екі ірі жол апаты болып, 15 адам қаза тапты
13 қыркүйектен 14-іне қараған түні елімізде екі ірі жол апаты болып, алдын ала мәлімет бойынша 15 адамның өмірі қиылды.
«ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, алғашқы апат Қарағанды облысында болған. Ford Mondeo жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Changan көлігімен соқтығысқан. Салдарынан бес адам оқиға орнында көз жұмды.
Араға екі сағат салып Жетісу облысында, Алматы – Өскемен тасжолында тағы бір қайғылы жағдай тіркелді. Nissan Cefiro көлігі Lada мен Chevrolet Cobalt-қа соғылған. Nissan жүргізушісі мен Lada жолаушысы қаза тапты, тағы бір адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ал Chevrolet ішінде болған сегіз адам, оның ішінде бір бала, мерт болды.