Әлем

Камчаткадағы жер сілкінісі: АҚШ-та цунами қаупі жарияланды

АҚШ-тың Ұлттық мұхит және атмосфераны зерттеу басқармасы (NOAA) Камчаткадағы жер сілкінісіне байланысты цунами қаупін жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Олардың дерегінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,5 болды.

Oxu.az мәліметінше, бұған дейін Камчатка өлкесінің губернаторы Владимир Солодов аймақта Петропавловск-Камчатск қаласынан 123 км қашықтықта, 46,8 км тереңдікте магнитудасы 6,3 жер сілкінісі болғанына байланысты цунами қаупі жарияланғанын хабарлаған.

Кейінірек Ресейдің өңір бойынша ТЖМ Бас басқармасының баспасөз қызметі Маячный мүйісі мен Халактыр жағажайына биіктігі 120 см-ден аспайтын, Алеут округіне 26 см-ден аспайтын, Усть-Камчат муниципалды округіне 37 см-ден аспайтын және Петропавловск-Камчатск қалалық округіне 9 см-ден аспайтын цунами толқыны жетуі мүмкін екенін хабарлады.