Таразда туған ұлы анасын зорлаған
Әлеуметтік желілерде Таразда кісі шошырлық жағдай орын алғаны жайлы ақпарат тарады. Жазбаларда әйел адамның өз ұлын зорлады деп айыптап, полицияға шағымданғаны айтылған.
Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл дерекке қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Тараз қалалық полиция басқармасы аталған жайт бойынша ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлігі (“Зорлау”) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-іздестіру шаралары барысында 22 жастағы күдікті анықталып, ұсталды», – делінген ведомство таратқан хабарламада.