Екі айдан бері елімізде қанша киік ауланды?
Шілденің басынан бері елімізде киік санын реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, осы уақытқа дейін табиғи ортадан 31 003 бас киік алынған.
Бұл шара браконьерліктің алдын алу мақсатында қолға алынып, оны «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі жүзеге асыруда. Барлық процесс Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелерінің бақылауында өтуде.
Министрлік мәліметінше, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Зоология институты әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, киік популяциясын реттеу жұмыстары 2025 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасуы мүмкін.