Жаңалықтар

Тұңғыш рет жасанды интеллект министрі тағайындалды

Ол Қазақстанға келеді. 

Бұл туралы сенімді дереккөзге сілтеме жасаған newsroom.kz порталы хабарлады.

Омар бин Сұлтан әл-Олама БАӘ-нің Жасанды интеллект, цифрлық экономика және қашықтан жұмыс істеу жөніндегі мемлекеттік министрі — әлемде жасанды интеллект үшін жауапты алғашқы министр.

Омар бин Сұлтан әл-Олама Digital Bridge 2025 алаңында!
Форум аясында ол alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығының ресми ашылу рәсімінде құрметті спикер ретінде сөз сөйлеп, ҚР Президенті жанындағы Жасанды интеллект кеңесіне, сондай-ақ «Цифрландыру стратегиялары: үкіметтер мен бизнес жасанды интеллект арқылы болашақты қалай қалыптастырады» атты панельдік сессияға қатысады.

Сонымен қатар, Digital Bridge көрме аймағында халықаралық хабтардың, соның ішінде МЕНА елдерінің стендтері ұсынылады — қатысушылар үшін байланыстарды кеңейтіп, жаңа серіктестер табуға тамаша мүмкіндік.

Жасанды интеллект саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірін тыңдау және өңірдегі ең ірі технологиялық оқиғаның бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!