Экономиканың жеделдеуіне сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларындағы оң өзгерістер ықпал еткен. Өнеркәсіп жалпы алғанда 7,6%-ға артқан, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп өсімі 2024 жылғы кезеңмен салыстырғанда 6,5%-ға жеткен.
Өңдеуші өнеркәсіптегі негізгі серпін берушілер:
- машина жасау – +15,1%
- тамақ өнімдері өндірісі – +10,1%
- мұнай өңдеу – +7,6%
- химия өнеркәсібі – +7,5%
- металлургия – +1,1%
Сауда көлемі 8,9%-ға ұлғайған. Оның басым бөлігі – көтерме сауда, ол саланың 66,6%-ын құрайды. Ең жоғары өсім Шымкентте (+21,3%), Шығыс Қазақстан облысында (+5,7%) және Жетісу облысында (+0,6%) тіркелді.
Құрылыс саласында өндіріс көлемі 18,1%-ға, көлік және қойма қызметтері 21,5%-ға, ауыл шаруашылығы 3,4%-ға өсті.
Deutsche Bank зерттеуіне сәйкес, соңғы бес жылдағы Қазақстанның орташа жылдық нақты ЖІӨ өсімі шамамен 3%-ды құрады. Бұл көрсеткіш Біріккен Араб Әмірліктері, Индонезия және Сауд Арабиясының деңгейімен шамалас.
Айта кетейік, Қазақстанның ЖІӨ 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға өскен. Ал 2024 жылы ел экономикасы жалпы есеппен 5%-ға артқан еді.