Жаңалықтар

Қазақстандық отбасылар Ұлттық қор қаржысын қалай пайдалануда?

2024 жылғы 1 ақпаннан 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін қазақстандықтар «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 19,04 млн доллар көлемінде өтініш берген. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметіне сүйенсек, қаражаттың негізгі бөлігі үй алуға және оқу ақысын төлеуге бағытталған.

Қаржы қайда жұмсалды?

Тұрғын үйге – 87 841 өтініш, жалпы сомасы 12,25 млн доллар.

  • ең танымал бағыт – тұрғын үй құрылыс жинағына ақша салу (85 735 өтініш, 11,98 млн доллар);
  • бастапқы жарна төлеу (700 өтініш, 92,1 мың доллар);
  • пәтерді толық сатып алу (514 өтініш, 62,3 мың доллар).

Білімге – 51 933 өтініш, жалпы сомасы 6,79 млн доллар.

  • Қазақстандағы оқу ақысы (45 901 өтініш, 6,08 млн доллар);
  • білім беру жинақ шотын толықтыру (4 309 өтініш, 499 мың доллар);
  • шетелде оқу ақысы (1 411 өтініш, 174 мың доллар).

Балалардың еншісіне қанша түсті?

Бағдарламаға сәйкес, Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы жыл сайын 2006 жылдан кейін туған әрбір балаға бөлінеді.

  • 2023 жылы – 100,52 доллар;
  • 2024 жылы – 129,38 доллар;

қосымша инвестициялық табыс – 3,04 доллар.

Мысалы, 2006 жылы туған бала шотында қазір 100,52 доллар, ал 2007 жылғы балада – 232,94 доллар жиналған.