Ресей зообағында өрт шығып, 28 қолтырауын өлді
9 қыркүйекке қараған түні Ресейдегі жеке зоопарк өртенді. Жалын бір қабатты, аумағы 150 шаршы метр болатын ғимараттан шығып, тез жайылған. Өрт сөндірушілер оны екі сағаттан астам уақыт бойы сөндірді.
БАҚ дерегінше, зообақта 30-ға жуық қолтырауын, сондай-ақ жыландар, тасбақалар мен игуаналар болған. Көптеген жануар қырылды. Бірнеше қолтырауын құтқарылғанымен, олардың жағдайы ауыр, қазір ветеринарлардың бақылауында.
Өрт іргелес орналасқан лемурлар, енотар мен сурикаттар тұрған хайуанат бұрышына да зиянын тигізген. Дегенмен, өрт сөндірушілер жалынның дельфинарий мен океанариумға тарауына жол бермеді.
Ресми мәлімет бойынша, 28 қолтырауын мен бір тасбақа өлген. Өрттің себебі анықталуда.