Түркиядан 500 мыңға жуық сириялық еліне оралды
Соңғы 9 айда Түркиядан Сирияға 474 018 сириялық азамат өз еркімен оралды. Араб Республикасында билік ауысқаннан кейін ерікті түрде оралуға өтініштердің саны айтарлықтай артты. Бұл туралы Түркияның Ішкі істер министрі Али Йерликая мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Министрдің айтуынша, Түркия бұрынғыдай сириялық босқындарды ерікті түрде оралу кезеңінде қолдауды жалғастыруда.
— 2024 жылғы 8 желтоқсаннан бері 474 018 сириялық бауырымыз отанына оралды. 2016 жылдан бері өз еркімен қайтқан сириялықтардың жалпы саны 1 213 620 адамға жетті, — деді ол.