Білім

Репетиторлыққа сұраныс артты: қай пәндер алда тұр және баға қанша?

Қазақстанда репетиторлық нарық жыл сайын өсіп келеді. Әсіресе оқу жылы басталғанда ата-аналар мен студенттер білімдегі олқылықтың орнын толтыру немесе емтиханға дайындалу үшін мұғалім іздеуге кіріседі. OLX Қазақстан деректері бұл саладағы сұраныстың айтарлықтай артқанын көрсетеді.

Қай пәндер көш бастап тұр?

Репетиторлыққа ең үлкен сұраныс Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды және Ақтөбеде байқалады. Ал пәндер арасында:

Математика – дәстүрлі түрде бірінші орында.

Ағылшын тілі – халықаралық емтихандар мен шетелдік оқу орындарына түсуге байланысты жоғары сұранысқа ие.

оқушылар мен студенттер арасында қызығушылық артып келеді.

Орыс тілі – сауаттылық пен емтиханға дайындық үшін қажет.

Бастауыш мектеп пен ҰБТ-ға дайындық та тұрақты түрде сұранысқа ие бағыттарға айналған.

Бағасы қанша?

Құны қалаға, пәнге және мұғалімнің тәжірибесіне байланысты өзгереді:

  • Алматыда математика мен физика – 3 500–4 500 теңге, ағылшын тілі – 2 500–5 000 теңге, орыс тілі – орта есеппен 6 000 теңге.
  • Астанада бағалар шамалас.
  • Шымкентте шет тілдерінен сабақ – 2 500–5 000 теңге.
  • Бастауыш сыныпқа дайындық ең қолжетімдісінің бірі – 800–2 000 теңге.

Қалай дұрыс таңдау жасауға болады?

Репетитор іздеуде мына жайттарға мән берген жөн:

  • Мұғалімнің тәжірибесі мен біліктілігі.
  • Бұрынғы оқушылардың пікірлері.
  • Жеке әдістемесі мен сабақ форматы.
  • Баға саясаты мен төлем тәртібі.
  • Қауіпсіздікті ұмытпаңыз
  • Сұраныс артқан сайын жалған мұғалімдер де көбейеді. Сондықтан:
  • Жазбаша келісім жасаңыз;
  • Алдын ала толық төлем жасамаңыз;
  • Репетитордың дипломы мен сертификатын сұраңыз.