Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тоқаев футбол клубтарын жекешелендіруді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Жолдауында футбол клубтарын жекешелендіру жұмысын жеделдету қажет екенін айтты.

Тоқаев футбол клубтарын жекешелендіруді тапсырды
Фото: Ақорда (мұрағат)

«Бұған дейін шетелдік спортшыларға бюджет есебінен қаржы бөлуге шектеу қоюды тапсырған едім. Депутаттар бұл бастаманы қолдап, заң қабылдады. Бұл – өз спортшыларымызды қолдауға жасалған маңызды қадам. Бірақ мұнымен тоқтап қалмай, алға жылжуымыз қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, қазіргі таңда еліміздің төрт футбол клубы белгілі кәсіпкерлердің иелігіне өткен. «Оларға ризашылығымды білдіремін. Дегенмен футболды коммерцияландыруды жалғастыру керек. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай қадамсыз Қазақстанда футбол дамымайды. Бүгінгі күні кәсіби спортты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастырған жөн», – деп атап өтті Тоқаев.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату