Жаңалықтар

9 жасар бала үйді өртеп жібере жаздады

СҚО-дағы Саумалкөл ауылында 9 жастағы бала абайсызда өртке себеп болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ол қорада сіріңкемен ойнап жүріп, қағаз тұтатып жіберген де, үйіне қайтып кеткен. Біраз уақыттан соң өрт күшейген.

Түтінді байқаған көршілер дереу өрт сөндірушілерді шақырған. Құтқарушылар дер кезінде келіп, жалынның тұрғын үй мен қора-қопсыға тарауына жол бермеді.

Министрлік балалардың қолындағы сіріңке мен оттық — ойыншық емес, өмірге қауіпті екенін еске салды.