Жаңалықтар

Ермұрат Бапи партия құрғалы жатыр ма?

Депутат Ермұрат Бапи Қазақстандағы партиялық жүйеге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, елде халық саны 20 миллионға жеткенімен, көппартиялылықтың аса қажеті жоқ.

«Қырғызстанда 300-ге жуық депутат бар екен. Бұл жағынан алғанда біз де халық саны мен аймақтарға қарай есептесек, 200-ден кем депутат болмауы тиіс», – деді ол.

Сонымен қатар, Бапи өз партиясын құру жоспарын да жасырмады. Бірақ оның ойынша, елде партияның тым көп болғаны қоғамға пайда әкелмейді.

«Мысалы, АҚШ-та тек екі негізгі партия бар: республикашылдар мен демократтар. Олар бір-біріне оппозиция ретінде әрекет етеді. Сол сияқты Қазақстанға да көп партияның қажеті жоқ. Үш-төрт партия, соның ішінде бір нақты оппозициялық күш болса, жеткілікті», – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, президент өз Жолдауында парламенттік реформа жүргізіліп, елде бір палаталы парламент құрылатынын хабарлаған болатын.