Рэпер Тиматиге іздеу жарияланды
Украинаның Қауіпсіздік қызметі ресейлік музыкант Тимур Юнусовты, көпшілікке Тимати атымен белгілі әртіске іздеу жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Бұған маусым айында оған сырттай тағылған айып себеп болды. Әртіске шекарадан өту ережесін бұзды деген айып тағылған — Украина билігінің нұсқасы бойынша, рэпер уақытша оккупацияланған аумақтарға заңсыз кіріп-шығып жүрген.
Айта кетелік, Тимати белсенді түрде бизнеспен айналысады. Сонымен қатар, оның жеке өмірінде жақында маңызды оқиға болды — әртістің екінші қызы дүниеге келді.