Жаңалықтар

Тоқаев: Қазақстан экономикасының басты проблемасы – инфляция

Президенттің айтуынша, жоғары инфляция экономикалық өсімді тежеп отыр.

Мемлекет басшысы былай деді:

"Бұл мәселені шешудің дайын формуласы да, нақты экономикалық көрсеткіші де жоқ. Онымен көп мемлекет бетпе-бет келіп отыр, сондықтан оны әмбебап құбылыс деуге болады. Бірақ біздің жағдайда ол айрықша өткір сипат алды. Осы макроэкономикалық тұйық шеңберден шығуымыз қажет," – деді Президент.

Сонымен қатар, Тоқаев инфляцияның ел экономикасына айтарлықтай ықпал етіп отырғанын және жағдайды тұрақтандыру үшін кешенді шаралар қажет екенін атап өтті.