Шардара тұрғыны науқас әкесін ұрып-соққан. Әкесі қайтыс болыпты
Түркістан облысында әкесін қан-жоса етіп сабаған ер адам ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода ірі денелі азамат қарт кісіні көшеде сүйреп барады. Куәгерлер оның өз науқас әкесін ұрып-соққанын айтады.
Оқиға Шардара ауданына қарасты Восход ауылында болғаны анықталды. Жазба авторының айтуынша, өздігінен жүріп-тұра алмайтын қария қатты соққыға жығылған.
Полиция күдіктіні қамауға алып, уақытша ұстау изоляторына жеткізді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.