weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақ спортшылары садақ атудан әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті

Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 32 жылдан кейін алғаш рет әлем чемпионатында жүлдеге ие болды. Бұл жеңіс еліміздің спорт тарихында айтулы оқиға ретінде бағаланып отыр.

Қазақ спортшылары садақ атудан әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті

Жүлдегерлер қатарында Аделя Жексенбинова, Виктория Лян және Роксана Юнусова бар. Олар жаһандық додада шеберліктері мен жеңіске деген жігерін көрсетіп, Қазақстанның қоржынына қымбатты олжа салды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен спорт саласын жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да өз нәтижесін беріп келеді. Жаңа чемпиондарды тәрбиелеу ісі жолға қойылып, отандық спорт қарқынды дамуда.

Бұл жетістікке Қазақстан садақ ату федерациясының президенті Азамат Үсімбеков пен Бас хатшы Есет Байтасовтың еңбегі де айрықша. Олардың басшылығымен бүгінде еліміздің 15 өңірінде 7 мыңнан астам спортшы садақ ату спортымен айналысып жүр.

Сарапшылардың пікірінше, бұл табыс Қазақстанда садақ ату спортының мықты іргетасы бар екенін дәлелдеп, алдағы уақытта халықаралық аренада жаңа жеңістерге жол ашатынын көрсетіп отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→