Алматыда жарақат алған екі қыз тау басынан түсе алмай қалған
Алматыда жарақат алған екі турист қыз таудан өз бетімен түсе алмады.
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тауда жарақат алып, өздігінен түсе алмаған екі туристі эвакуациялады.
Алғашқы оқиға «Проходное» шатқалында болды: 1975 жылы туған әйел төмен түсіп келе жатып аяғын жарақаттаған. Құтқарушылар оны Космостанция маңына жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды.
Екінші жағдай Ақбұлақ маңында, Көк-Жайлау жазығына баратын жолда тіркелді. Жас қыз да жарақат алып, оған алғашқы көмек көрсетілді және таудан түсірілді.
Туристердің біреуі №12 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
Бұған дейін Тянь-Шань шыңына шығып, жарақат алып таудан түсе алмай қалған ресейлік альпинист туралы жазғанбыз. Ол екі аптадай көмек күтіп, ақыры сонда көз жұмған. Оның денесі әлі күнге дейін жерге түсірілмеді.