Премьер-министр мен оның отбасы мүшелері коронавирус жұқтырды

Премьер-министр мен оның отбасы мүшелері коронавирус жұқтырды

ашық дереккөзі

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян мен оның отбасы мүшелері коронавирус жұқтырды. Ол бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында өткен онлайн трансляция кезінде мәлімдедію. Үкімет басшысының індетке шалдыққаны жайлы NewsRoom+ тілшісі Caravan.kz ақпарат агенттігіне  сілтеме жасап хабарлайды. «Мен коронавирусқа тест тапсырдым. Өкінішке қарай, менен коронавирус инфекциясы анықталды. Осыдан кейін отбасымның мүшелері тест тапсырды, олардан да инфекция табылған. Бізде ауру белгілері жоқ, дене қызуы да қалыпты. Қазір біздің барлығымыз оқшауландық. Үйде отырып жұмыс істеймін. Ол үшін барлық жағдай жасалған»,- деп атап өтті армян министрлер кабинетінің басшысы.  

Жүктелуде...