Жаңалықтар

Ұлттық банк жаңа 500 және 20 000 теңгелік купюраларды таныстырды

Қазақстан Ұлттық банкі ұлттық валютаның жаңа үлгісін таныстырып, 500 және 20 000 теңгелік банкноталардың қандай болатынын көрсетті.

Реттеуші мекеменің жоспарына сәйкес, олар айналымға кезең-кезеңімен енгізіледі. 2025 жылдың төртінші тоқсанынан бастап қазақстандықтар жаңартылған 500 теңгені қолына алады. Ал ең ірі банкнота — 20 000 теңге — 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілмек.

Қаржы мекемесі жаңа купюралардың заманауи дизайнға ие болатынын және жалған ақшаға қарсы қорғаныс деңгейі күшейтілетінін атап өтті.

Айта кетейік, соңғы жылдары қазақстандықтардың көбі қолма-қол ақшадан гөрі қолма-қолсыз төлемге көшкен. Сондықтан жаңа банкноттар тек төлем құралы ғана емес, «қағаз ақша» әлі де бар екенін еске салатындай символдық мәнге де ие болмақ.