weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Үш адамның өліміне кінәлі кәсіпкер қамауда, бірақ бостандықта жүр

Әлеуметтік желіде 2019 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылған Ілияс Кардың емін-еркін жүргені туралы дерек тарады.

Үш адамның өліміне кінәлі кәсіпкер қамауда, бірақ бостандықта жүр
Фото: kolesa.kz

Марқұмдардың туыстарының айтуынша, ол 2018 жылы Gelandewagen көлігімен төрт адам отырған жеңіл автокөлікті соққан. Қатты соқтығыстың салдарынан үш адам – жүргізуші, қыздың анасы мен тәтесі қаза тапқан. Тағы бір жолаушы өмір бойына мүгедек болып қалған.

Қаза болғандардың балалары – Жанар мен Темірлан Хасеновтар сотталған адамның қалайша бостандықта жүргенін түсінбей, әділет іздеуде.

Ал Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ресми ақпаратқа сәйкес, Ілияс Кар жазасын қауіпсіздігі төмен түзету мекемесінде өтеп жатыр. Мұндай мекемелерде сотталғандарға белгілі бір жағдайда колониядан тыс жерге шығуға рұқсат етіледі.

«Ол жеке өтініші негізінде уақытша колониядан тыс жерде болған. Демалыс кезінде ешқандай заң бұзған жоқ, белгіленген мерзімнен соң қайтадан Тараздағы түзету мекемесіне оралды», – деп хабарлады комитеттен.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→