Экс-әкім Бауыржан Байбек пен «Нұр Отан» партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары соңғы екі жылдан бері шетелде тұрады.
Айгүл Байбектің сөзінше, ағасы мүлде жаңа салаға бет бұрған. Алдымен Біріккен Араб Әмірліктерінде білім алып, еңбек етсе, соңғы бір жарым жылдан бері Жапонияда жүр. Онда Қазақстанға шетелдік инвестиция тартумен айналысады.
«2022 жылдың наурызынан бері ол онлайн жұмыс істеп, Qazaq Kaolin компаниясына кеңесші болып отыр. Компания Ақмола облысында заманауи неміс технологиясымен өңдеуші өндіріс ашуға қаржы құюда», – деді ол.