Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Доллар бағамы біршама төмендеді

Доллар бағамы біршама төмендеді

Доллар бағамы біршама төмендеді
ашық дереккөзі

Бүгін таңертең теңгенің долларға қатысты нығаюы байқалды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

KASE мәліметі бойынша, жабық сессия қорытындысы бойынша доллар бағамы 408,98 теңгені құрады. Жұма күні таңертең бағам бір доллар үшін 411,57 теңгені құрады. Жұма күні белгіленген кешкі көрсеткішпен салыстырғанда доллар 2,57 теңгеге арзандады. Нұр-Сұлтан доллар айырбастау пункттерінде 408,7-409,2 теңгеден сатылып, 407-408,2 теңгеден сатып алынады. Алматыда сату - 409,5-410,3 теңге, сатып алу - 407,9-408,8 теңге деңгейінде белгіленді. Бұған дейін сарапшы доллар бағамы дағдарысқа дейінгі деңгейге оралып, 380 теңгеге түсуі мүмкін екенін айтқан болатын.