«Реал» Тчуамени үшін 200 млн еуро сұрады
Мадридтің «Реалы» жартылай қорғаушы Орельен Тчуамениге қатысты қазіргі трансферлік терезеде сатылым жасамайтынын мәлімдеді. Ағылшын премьер-лигасындағы бір клуб француз ойыншысы үшін ұсыныс жасағанымен, «корольдік клуб» бірден бас тартқан.
Transfer News Live порталының Defensa Central-ға сілтеме жасай отырып хабарлауынша, «Реал» Тчуамениді 200 миллион еуродан төмен бағаға сатпайтынын жеткізген. Мұндай соманы төлеуге ниетті клуб табыла қоюы екіталай.
25 жастағы футболшы испандық алпауыт сапында 2022 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді. Transfermarkt дерегінше, оның нарықтық құны – 75 млн еуро, ал келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды.