Ресей Қазақстанда химиялық парк салуды жоспарлап отыр
Татарстандағы «Химград» технополисі мен Атырау облысы әкімдігі өндірістік парктерді құруға мүмкіндік беретін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Әзірге әріптестіктің нақты форматы белгіленген жоқ. Дегенмен «Химград» бас директоры Айрат Гиззатуллин Өзбекстандағы тәжірибені мысалға келтірді. Ол жерде компания «Чирчик» және «Жызақ» технопарктерін іске қосқан.
«Қазақстан — қарқынды дамып келе жатқан мемлекет әрі нарық. Технологиялық тұрғыдан да, өндірістік бағыттары бойынша да бізге өте жақын. Бүгінде ірі компанияларымыздың көбі Қазақстанмен жұмыс істеп жатыр», — деді ол.