Жаңалықтар

Сыра экспорты күрт артты

2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстан сыртқа 12,6 млн литр сыра жіберді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда шамамен 33%-ға жоғары және соңғы он жылдағы рекордтық деңгей саналады.

Экспорттың негізгі бөлігі Ресейге тиесілі – бұл елге 7,5 млн литр жеткізілген. Көрсеткіш бір жылда 24%-ға өскен. Сонымен қатар Беларусь пен Қырғызстанға жөнелтілімдер де көбейген.

Ресейге экспортталған қазақстандық сыраның орташа бағасы литріне 0,7 долларды құрады. Бұл – ТМД аумағынан тыс елдерден әкелінетін импорттық өнімдерден шамамен екі есе арзан.

Сарапшылардың пікірінше, көрші нарыққа негізінен Алматы мен Қостанайдағы кәсіпорындардың өнімдері жол тартып жатыр.