Жаңалықтар

Алматы әуежайында ер адам өзін өртеді

Оқиға 25 тамыз күні сағат 22:06-да, «Т-1» терминалында касса маңында болған. Ер адам өзін өртемек болған.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, әуежай қауіпсіздік қызметімен бірге оқиға орнында жүрген полицейлер жедел түрде отты сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Ер адам қаладағы ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды.

Ол өзін не үшін өртемек болды?

Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, оның бұл әрекетке баруына азаматтық некедегі жары екеуінің арасындағы жеке жанжал себеп болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Әуежайдың баспасөз қызметі оқиғаның әуежай жұмысына еш әсер етпегенін, халықаралық әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.