Ұлы Отан соғысының 114 жастағы ардагері дүние салды
Тәжікстанда 114 жасында Ұлы Отан соғысының ардагері Рашид Карим дүние салды. Ол Гиссар қаласында тұрған,- деп хабарлайды newsroom.kz
Рашид Карим 1912 жылы дүниеге келген. 1942 жылы әскерге шақырылғанға дейін, 1935 жылдан бастап мектеп мұғалімі болып жұмыс істеген.
Соғыс жылдарында Карим Сталинград шайқасына қатысып, 1-ші Украина майданының 204-ші артиллериялық полкінде қызмет еткен және шайқас жолымен Прага мен Берлинге дейін барған.
Айта кетелік, Тәжікстанда Ұлы Отан соғысының 13 қатысушысы тұрады