Аймақтар

Көкшетаудағы жүгіру марафоны кезінде бір адам қаза тапты

«Көкшетау шамдары» түнгі жарысы кезінде 35 жастағы қатысушы әйел жүгіру кезінде өзін жайсыз сезінді. Дәрігерлердің көмегіне және жасалған реанимация шараларына қарамастан, ол есін жимастан таңертең ауруханада көз жұмды. Артында 15 және 8 жастағы екі баласы қалды.

Полиция қылмыстық іс қозғады. Өлім себебін сараптама анықтайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық қауіпсіздік шаралары сақталған: жол бойында дәрігерлер кезекшілік еткен, ал қатысушылар жарысқа дайын екендігін растап қолхат жазған.

Жартылай марафонға 500-ден астам адам қатысқан. Жүлде қоры – 2,3 млн теңге.

Айта кетейік, Қазақстанда биыл 20 сәуірде Алматы марафонында екі адамның қаза табуынан кейін бұқаралық спорттық шараларды ұйымдастыру тәртібін қатаңдату туралы талаптар күшейе түсті.