Дін қызметкері коронавирусты жеңу үшін адам сенгісіз қылмысқа барды
Дін қызметкері коронавирусты жеңу үшін адам сенгісіз қылмысқа барды
ашық дереккөзі
Үндістанда дін қызметкері храмға кірген жергілікті тұрғынның басын кесіп тастады. Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі KAZ.NUR.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
70 жастағы Сансари Оджа- Брахмани храмындағы дін қызметкері. Ол Құдайға құлшылық ету үшін келген 55 жастағы қала тұрғынының басын кесіп тастады. Кейін Сансари полицияға өз еркімен берілген. Ол азаматты коронавирусты жеңу үшін өлтіргенін мәлімдеген.
Алайда, дін қызметкері мен марқұмның арасында манго бағына байланысты бұрыннан жанжал болғаны анықталды. Айта кетейік, Қытайдың Ауруларды алдын алу және бақылау ұлттық орталығының ғалымдары Уханьдағы Хуанань теңіз өнімдері SARS-CoV-2 коронавирусының бастапқы қайнаркөзі емес деген тұжырым жасады.
Мамандар зерттеу жүргізіп, Хуанань базарында сатылатын жануарлардың үлгілерін зерттеген. Олардың COVID-19 сынақтарының нәтижелері теріс болыпты. Бұл дегеніміз - жануарлар сатып алушыларға ауру жұқтырмайтынын білдіреді. "Демек, базар да инфекцияның құрбаны болған", — деп мәлімдеді орталық басшысы Гао Фу.
Вирустың жарқанаттарда пайда болғаны, содан кейін адамдарға "аралық жануар" арқылы берілетіні расталды. Инфекцияның тараған нақты орны белгісіз. Джорджтаун университетінің зоологы Колин Карлсонның айтуы бойынша, Уханьдағы теңіз өнімдері базарында бір адам бірнеше басқа адамдарға жұқтырғаннандықтан, ол аурудың кең таралған орны болуы мүмкін.