Ұлытауда жолаушылар пойызы жүк вагонымен соғылып қала жаздады
Оқиға 24 тамыз кешке Қызылжар – Түйемойнақ учаскесінде болды. Жезқазғаннан Астанаға бет алған жолаушылар пойызы жүк вагонына тіреліп қала жаздаған.
Машинист дер кезінде шұғыл тежеу қолданғанымен, қатты соқтығысу орын алды.
«24 тамыз күні сағат 21:38-де Жезқазған – Астана бағытындағы №107 пойыздың машинисті сағатына 12 шақырым жылдамдықпен келе жатып, 300 метр жерден жолда тұрған жүк вагонын байқап, шұғыл тежеуге мәжбүр болды», – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
Адам шығыны жоқ, бірақ кенет тоқтағаннан бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алды. Локомотив пен теміржол желісіне зақым келмеген.
Пойыз 23:14-те жолын жалғастырды. Оқиғаның себебін арнайы комиссия анықтап жатыр.